Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Сәбидің миын улап жатыр»: танымал әнші Қарақат Әбілдина

28.08.2023

948 0

Танымал әнші Қарақат Әбілдина қызының әлеуметтік желідегі парақшасында орамал тағып, ұзын көйлек киген қызы Аялаға арабша ән айтқан видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аяланың парақшасын анасы Қарақат жүргізетіндіктен, жазбаны қызының атынан жариялады. Бейнежазбада Аяла басына орамал тағып, ұзын көйлек киіп, арабша ән айтып отыр.

“Салем достар! Үстімдегі көйлекті үш жасымда сыйлаған еді, соны бүгін тауып алып кисем, шап-шақ екен. Көйлегіме сай әндетіп отырмын. Алла баршаңызды қолдап,қорғап жүрсін! Ұнаса лүпілдетіп қойыңыздар”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары кішкентай қызға орамал тағып қойған Қарақатты сынға алды. 

“Арабтың дінін алсақ та, тілін, әдет- ғұрпын алмайық”, “Айналайын, Қарақат, кейін хиджаб киіп кетпесінші”, “Дінді, хиджабты насихаттамаңыз. Бала бала болып өсу керек”, “Орану өзге ұлттың дәстүрі. Қазақ еліктеп сәбидің де миын улап жатыр”, “Бүркеніп тұмшаланған жастарды көргенде біртүрлі боламын”, “Неге бәрі орануға әуес?”, “Неге қымтап қойған, кемпір ме?”, – деп наразылығын жеткізді желідегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: