Жұма, 26 сәуiр, 07:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жас ақындар айтысы

02.11.2021

1081 0

Жуырда ҚР  Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтті.

Қазақтың төл өнері айтысты жастар арасында насихаттау, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдасты­рылған дүбірлі додада еліміздің жоғары оқу орындарынан келген 14 ақын өнер көрсетті.

– Бүгінгі айтыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығы мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Айтыс – қазақтың қанына сіңген бекзат өнер. Ұлттық құндылығымызды тілге тиек еткенде Жамбыл Жабаев есімі бірге жырланады. Жүз жылдық ғұмырында сан ғасырлар бойы өшпейтұғын із қалдырған ақынның асыл мұрасы бүгінде сіз бен бізге өнеге ретінде қалыптасты. Осы ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап бүгінгіні бағалап отыру – басты мақсат. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мәдениетіміз, өнеріміз жаңа қарқынмен қайта жаңғырды. Ана тіліміздің мәртебесі көтеріліп, рухани дами түстік. Сіздер тәуелсіз елдің ұланысыздар, бүгінгі заманның еркесі мен еліміздің ертеңісіздер. Сон­дықтан сіздердей жалынды жастар барда ұлттық өнеріміз тек қарыштап дами береді, – деді университеттің басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова.

Республикалық айтыста Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық өнер университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды универ­ситеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Павлодар педагогикалық университеті атынан жас ақындар бақ сынады.

Өнер додасында бас жүлдені Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенті Алтынай Қанапия  иеленді. Жүлделі І орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті Жамбыл Бақытәліге, ІІ орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Ұларбек Жеңісбек пен университетіміздің 4-курс студенті Бексұлтан Орынбасаровқа табысталды. Ал Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 4-курс студенті Еркеғали Бекболат пен Павлодар педагогикалық университетінің 1-курс студенті Мизан Жұмали ІІІ орынды теңдей бөлісті.

Сонымен қатар, Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университетінің  2-курс студенті Әділ Ахметовке, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Бақтыбай Саулетбайға, Еуразия Ұлттық универ­ситетінің студенті Бекзат Құлшарға, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 4-курс студенті Айдана Бекбергенге, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің 4-курс студенті Дарын Шағымановке ынталандыру сыйлығы берілді.

Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академия­сының 3-курс студенті Мейірбек Саламатов халық ықыласына бөленіп, айтыс ақтаңгері Мұхтар Ниязовтің арнайы жүлдесімен марапатталса, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 4-курс студенті Фариза Жетпісбаева Ректордың арнайы жүлдесін иеленді.

Салтанатты шараның марапаттау рәсімінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Бексұлтан Орынбасаровқа «Менің пірім – Сүйінбай» атты халықаралық жас ақындар айтысына жолдама берілді. Айтысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті келер жылы ұйымдастыратын болады.

Айта кету керек, ауқымды шара қарсаңында уни­верситеттің студенттер сарайында «Алтын домбыра» айтыс орталығының тұсауы кесілді. Орталық төл өнеріміздің жастар арасында кеңінен насихатталуына, шығармашылығының шыңдалуына мүмкіндік жасайды. Мұнда ақындар шеберлік сағаттарын өткізіп, айтыс түрлерін жандандыру жұмыстарын жолға қоймақ.

Айтыс орталығының жабдықталуына және республи­калық шараның жоғары деңгейде өтуіне облыстық мәслихат депутаты, жастар қолдаушысы Мағжан Ералиев, жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлықтарына Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары, өнер жана­шырлары Қайрат Ерназаров, Мұса Абдуқалықов, Жасұлан Жарасбаев демеушілік жасады.

Республикалық додаға айтыскер ақын, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Серік Ыдырысов, айтыскер ақын, халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегері Мамыр Байдаулетов, айтыскер әрі жырау, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Айдос Рахметов, айтыскер Ержеңіс Әбді, университеттің Дәстүрлі өнер институтының директоры, философия докторы Ғани Байұлы төрелік жасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: