Бейсенбі, 02 мамыр, 07:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Ақшаңызды артыңызға салып қойыңыз»: Белгісіз жан Қайрат Нұртастын анасына ауыр сөздер айтқан

14.07.2023

1341 0

Танымал хитмен Қайрат Нұртас “Көп-культура” бағдарламасында анасы Гүлзира Айдарбековамен болған ыңғайсыз жағдай туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Жақында маған бір інім келді. «Аға, сізбен дуэт айтқанша мен қаншама өнер адамдарына бардым», – дейді. «Менің көзімше мені мақтама», – дедім. Мені мақтаса, қасында ыңғайсызданамын. Ол: “Біреуі былай қашты, біреуі былай қашты, біреу менсінбеді” деп маған ағынан жарылған еді. Сонда бір жағдай есіме түсіп кетті. Бір кездері анам шырылдап, мені әр жаққа алып барып, кештеріне қатыстырғысы келіп, театрларға қатыстырғысы келіп, билеттерін сататын. Ол кезде мама екеуміз Тастақта кеңсе тауарларын сатамыз. Мен шаурма сатамын. Билеттерін өткізіп, бір концертке қатысайық дегенбіз. Менің анама бір кісі “Ақшаңызды артыңызға салып қойыңыз” деп қатты ауыр сөздер айтты. Бұл сәт менің есімде қалып кетті. Ұрайын десем, әлім келмейді, кішкентаймын”, – дейді өнер иесі.

Әншінің айтуынша, сол адамдар алдына бірнеше рет өтініш айтып келген. 

“Бірақ сол алдыма қайта келді. Сол театр, сол кеш маған он рет қоңырау шалды. «Біздің театрға қатысып берші, біздің кешімізге қатысып берші» дегенде мен үндемедім. Жай ғана бармайтынымды айттым. Мен сол театрда әлі күнге дейін ән айтқан емеспін. Егер өздеріңіз көрсеңіздер, түсінесіздер”, – дейді өнер иесі.

Сол себепті Қайрат Нұртас өнердегі жас әншілерге барынша көмектесуге тырысатынын айтты.

“Егер мен өсіп келе жатқан жас әншілерге көмектесетін болсам, ол маған абырой. Олармен жаңа ән жазсам, мен де жұмыс жасаймын, бір орында тұрмай, трендтен қалмаймын. Бір жағынан ағалық көмегім. “Қайреке” де құрметтеп жатады. Ол мен үшін үлкен қуаныш”, – дейді хитмен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: