Сенбі, 21 желтоқсан, 20:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Жол апатынан қайтыс болды». Kalifarniya «Аспан» әні кімге арналғанын айтты

04.05.2024

880 0

Сурет: massaget.kz

Танымал әнші Kalifarniya Taboo бағдарламасына берген сұхбатында «Аспан» әнінің кімге арналғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, бұл ән атыраулық досының қайтыс болған қызына арналған.

«Бір ай Атырау қаласына барып, сол жақтағы театр әртістерімен танысып, дос болып кеттім. Бірге жүрдік. Атыраудан кеткеннен соң екі күннен кейін досым мен үйленейін деп жүрген қызы жол апатына түседі де, қызы қайтыс болады. Досым өте ауыр жағдайға түсіп кетті. Алланың сынағы ғой. Бір аптадан соң досым хабарласып, ішқұса болғанын айтты. «Ол түсіме кіреді, «мен тоңып қалдым» деп айтады, мен де артынан кеткім келеді» деді. Басу айтып, достық ақылымды айттым. «Фархат, өтінішім бар еді, махаббатымызсың куәсісің ғой, бұл әнді жарыққа шығармай-ақ қой, тек Әселді сағынғанда өзім тыңдайын деп едім» деп ән шығаруымды сұрады. Сөйтіп, таңға жақын өлең жолдары келді. Алладан дұға етіп, пайдалы болуын сұрадым. Дайын болған соң досыма жібердім. Жалпы «Аспан» әні қайтыс болған сол досымның қызына арналған ән еді», – деді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: