Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

18 жастағы жүргізуші төрт адамды қағып кеткен

17.11.2024

292 0

Фото: Алматы облысы полиция департаментінен

18 жастағы BMW жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді. Деректерге сүйенсек, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ал зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Оқиға Алматы облысының Есік қаласында орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аймақтың полиция департаментінің мәліметінше, 14 қарашада Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

“Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады”,- деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автомашинасын басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: