Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Астана қалалық ТЖД хабарлауынша, өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.
Өрт екі қабатты үйдің шатырында басталып, 500 шаршы метр аумаққа таралған.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Астана қалалық әкімдігі өрттен қаза тапқан төрт баланың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
«Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жеке екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді. Балалары құрбан болған және зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Сонымен қатар материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!