Сенбі, 21 желтоқсан, 22:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

BMW полицейлердің екі қызметтік көлігін соғып кетті

15.03.2021

1910 0

Түркістан облысында көктайғақтан тоқтай алмаған жеңіл көлік жол жиегінде тұрған полицейлердің қызметтік көлігін соғып кетті. Бұл көрініс әлеуметтік желіге тарап, аталған жазбаға сәйкес полицейлер арнайы тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жолдарға бөліну арқылы кедергілерге тап болған көліктерге көмек көрсеткен. Сондай сәтте жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетіп жол жиегіне қойылған полицейлердің қызметтік көлігін жеңіл автокөлік соғып кеткен.

«Бұл оқиға 14 наурызында Шымкент-Самара тасжолының 49-50 шақырымында сағат 17:15 шамасында орын алған. Облыстық ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының полицейлері өздерінің қызметтік көліктерімен ауа райының қолайсыздығына байланысты жердің тайғақтығынан жолды жауып қалған көліктерді шығарған. Осы кезде «БМВ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, Шымкент қаласының тұрғыны басқару жүйесін игере алмай қалған. Сөйтіп полицияның екі бірдей «КИА РИО» маркалы қызметтік көлігін соққан. Адам шығыны жоқ» делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда аталған жайт тіркеуге алынып, тексеру амалдары жүргізілуде. Жүргізушілер тиісті медициналық куәландырудан өтіп, оның қорытындысы бойынша жүргізушілер ішімдік ішпегені анықталған. Сондай-ақ «БМВ» маркалы көлігінің иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) хаттама толтырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: