Сейсенбі, 16 сәуiр, 21:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Өкінемін, не істегенімді түсінбедім»: Алматыда 5 адамды өлтірген адамның соттағы сөзі

26.09.2021

973 0

Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотында бес адамды өлтірді деген күдікті Игорь Дужновқа қолданылатын бұлтартпау шарасын қарастыру процесі басталды, Sputnik Қазақстан.

Игорь Дужнов адамдарды өлтіргеніне өкінетінін жеткізді. Ол өзін мұндай жағдайға «сот орындаушысының заңсыз әрекеті, заңсыздық пен сот жүйесі» жеткізгенін айтты.

«Өз үйімді, отбасымды, балаларымды қорғаймын деп аффект күйінде не істегенімді түсінбедім. Бұған өкінемін. Құрметті сот, мен жауап беруден бас тартамын. Бұдан артық сөйлей алмаймын», – деді ол.

Прокурор күдіктіні қамауға алуды шарасын қолдануды сұрады. Адвокат Жандос Көшербаев оның мекенжайын құпия сақтап, күзет беріп, үйқамаққа жіберу қажеттігін айтты.

Судья Жанәбіл Ақынов Дужновты екі ай мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды. Мерзім ұсталған уақыт 20 қыркүйек сағат 18:00-ден бастап есептеледі.

Айта кетері, адвокат пен күдіктінің өзі сотты жабық режимде өткізуге өтінішхат жолдады. Алайда судья Жанәбіл Ақынов процесс ашық режимде өтеді деп шешті. Бұдан соң адвокат судьяны ауыстыруға өтінішхат жазды, алайда ол қанағаттандырылмады.

Журналистерге сот залында болуға да, процесті видео байланыс арқылы көруге де рұқсат берілді. Алайда материал жариялау үшін прокурор келісімі қажет. Өз кезегінде прокурор БАҚ бұлтартпау шарасын таңдауға қатысты сот шешімін ғана жариялай алады деп шешті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: