Бейсенбі, 10 қазан, 10:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Көшенің қақ ортасында ер азаматты атып кетті

19.05.2021

1612 0

Алматы облысында 30 жастағы ер азаматты тапа тал түсте атып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Түймебаев ауылында болған. Атыс жайлы полицейлерге ауыл тұрғындары хабар берген. Кейіннен анықталғандай, 24 жастағы ауыл тұрғыны марқұммен араздасып, атып кеткен. Оның денесін елді мекеннің сыртына алып барып, үстіне топырақ сеуіп тастаған. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны анықталуда. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол он бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша тіркелген», – деді Алматы облысының ПД-нің ресми өкілі Аұбота Қуанышбекова. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: