Сенбі, 20 сәуiр, 19:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Газ бағасы арзандады

08.02.2022

527 0

«ҚазТрансГазАймақ» тұтынушылары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің бағасы осы жылдың 1 ақпанынан бастап 6% – ға төмендеді. Яғни, газды тұтыну бағасы 18,47 теңге болып бекітілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өтім және газ режимі қызметінің бастығы Жолдасбек Әбенов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша газдандырылған тұтынушылар саны 123 657 құрайды. Оның 120 931 тұрғын үй. Сонымен қатар филиал қызметі тұтынушыларға газ есептегіштерін тегін негізде электрондық көрсеткіштен механикалық көрсеткішке ауыстыруды ұсынады.

«Электрондық газ есептегіші ұзақ уақыт пайдаланылатындығына және батареяның тозуына байланысты есептегіш істен шығады. Осы ретте газ есептегішінің клапаны іске қосылып, газ беру автоматты түрде тоқтайды. Көбінесе бұл жағдай әр айдың алғашқы немесе соңғы күнінде болады. Сондықтан тұтынушылардың көптеген өтініштері болған кезде осы саланың мамандары газ беруді қалпына келтіру үшін есептегіштерді электронды түрде механикалыққа ауыстыруға бір уақытта орындауы мүмкін емес», – дейді Жолдасбек Ысқақұлы.

Сондай-ақ бүгінде пайдаланылған газ үшін тұтынушылардың қарызы да қордаланып тұр. 2021 жылдың жылу маусымы қарсаңында халықтың қарызы шамамен 982 млн теңгені құраса, қазіргі таңда шамамен 721 млн теңгені құрайды. Алдағы уақытта филиал дебиторлық қарызды төмендету жұмыстарын жалғастырмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: