Бейсенбі, 02 мамыр, 12:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада көлік ішінде қысылып қалған адам құтқарылды

02.08.2021

729 0

Қызылорда облысында құтқарушылар көліктер соқтығысуы салдарынан көлік ішінде аяғы қысылып қалған адамды шығарып алды.

Оқыс оқиға бүгін, 1 тамызда сағат 11.20 шамасында Жаңақорған кенті тұсындағы дариядан өтетін көпір үстінде болған. Сол аумақта «КаМАЗ» жүк көлігі мен «Toyota Carina» жеңіл көлігі соқтысып қалған.

«Оқиға барысында жеңіл көлік жүргізушісінің аяғы қысылып қалған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, тиісті құрылғымен оны шығарды. Сол орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметіне табысталды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: