Сенбі, 23 қазан, 09:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83 (1785)
19.10.2021
PDF мұрағаты

Студенттерге оқ атқан пермьдік шабуылшының қолға түскен видеосы пайда болды

20.09.2021

1156 0

Желіде 20 қыркүйекте Пермь университетіне оқ жаудырған қарулы қылмыскерді қол түсірген бейнежазба пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жазба кадрларынан жергілікті БАҚ ГИБДД қызметкері деп атаған адамның қарулы қылмыскерге қарсы оқ атқанын көруге болады. Олардың мәліметінше, төтенше жағдай орнына келген инспектор ғимаратқа жүгіріп кіріп бірнеше рет оқ атқан, содан кейін қарулы адамды ұстаған.

Оқ жаудырған қарулы қылмыскерді ұстау видеосын мына сілтемеден көре аласыздар: https://t.me/Lshot/30764

Ресей Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қылмыскер студент полицейлердің жауынгерлік оғынан жарақат алған.

«Оқиға орнына бірінші болып Пермь қаласы бойынша ІІМ Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының жол полициясы полкінің экипажы жеткен. Полиция кіші лейтенанты Константин Калинин бас ғимаратқа кірді, ал оның әріптесі аға полиция лейтенанты Владимир Макаров азаматтарды эвакуациялауды ұйымдастыра бастаған. Ғимарат ішінде Константин Калинин қарулы адамды көреді. Полицейді байқаған қылмыскер оған қарсы бірнеше рет оқ атқан. Қарсы жауап ретінде жол полициясы шабуылдаушыны жаралайды, одан соң жанына келіп қаруынан айырып алғашқы көмекті көрсетеді», – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің сайтында.

Айта кетейік, бүгін белгісіз адам Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырды. Қазіргі уақыттағы мәлімет бойынша 8 адам қаза тауып, 28 -і жараланғаны белгілі. Кейбір мәліметтер бойынша, атысты шығарған 18 жастағы студент Тимур Бекмансуров есімді азамат болуы мүмкін.

Сонымен қатар, қылмыскердің “Мен бұл туралы ұзақ ойлап жүрдім, жылдар өтті, мен армандаған нәрсені іске асыруға бір сағат қалғанын түсіндім» – деп жазған сөздері тараған

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: