Шатырдан ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Ақтаудағы көпқабатты үйдің шатырында 22 наурызға қараған түні болған деген болжам бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәйітті 12-шағын аудан тұрғындары тауып алған.
Алдын ала болжам бойынша, адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!