Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Bazis A» холдинг компаниясы» Cыр елінде бірнеше жобалармен танысты

22.01.2021

9082 0

«Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович Сыр еліне жұмыс сапарымен келді.  А.Белович осы сапарында Қызылорда қаласындағы бірнеше құрылыс жобаларымен танысты.

«Bazis A» холдинг компаниясы» Cыр елінде бірнеше жобалармен танысты

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен «Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович алдымен «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бас көше жолының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автотрассасымен жанасатын жерінде көлік айрығын салу» жобасын көрді. Құрылыстың бас мердігері –  «Bazis Construction» ЖШС. Жоба құны 4 млрд. 274,941 млн. теңгені құрайды. Жол айрықтың құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Өңір басшысы мен мәртебелі мейман көлік айрығының іргетасын қалап, құрылыс жұмысына сәттілік тіледі.

«Bazis A» холдинг компаниясы» Cыр елінде бірнеше жобалармен танысты

Мұнан соң Г.Әбдіқалықова мен А.Белович «Рухани жаңғыру» орталығына барып, сол жағалауда салынатын «Гүл бульвары» жобасымен танысты. Аталған жоба тұрғындардың демалысы мен серуендеуіне арналған. Барлығы 12 га аумақта сәулеттік фигуралар, түрлі түсті композиция, балалар және ойын алаңдары, субұрқақ, велосипед, ролик үшін алаңдар орналасады деп жоспарланған.

«Bazis A» холдинг компаниясы» Cыр елінде бірнеше жобалармен танысты

«Қорқытата» әуежайының терминалын реконструкциялау және кеңейту» жобасы да аймақ басшысы мен «Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасыyың назарына ұсынылды. Жоба құны 1,5 млрд. теңге, құрылыстың аяқталу мерзімі 2022 жыл деп жоспарланған. Терминал толық іске қосылғанда сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті болмақ.   

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: