Жексенбі, 24 қараша, 07:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ғанибек Қазантаев, қала әкімі: «Отшашу мен концерттің орнына қайырымдылық өткізуді жөн көрдік»

30.10.2021

1019 0

Қала күні аясында өтетін шараларды көпшілік асыға күткенімен биылғы жылы бұл мереке ерекше өтуде. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ашық аспан астындағы концерт, шоубизнес жұлдыздары өнер көрсететін шаралар биыл жоқ. Сәйкесінше оларға миллиондаған бюджет қаржысы да жұмсалмайды. Қала әкімі Ғанибек Қазантаев бұл мерекені рухани жағынан мардымды өткізуді жөн көргендей. Бұған апта басында өткен «Мейірімді қала – Қызылорда» қайырымдылық акциясы дәлел.

Қала күні мерекесіне арналған қайырымдылық шараға шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев арнайы қатысты. Ол орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің алдында өткен «Мейірімді қала – Қызылорда» атты акцияға қолдау танытқан барша мейірімді жандарды, жәрдем ұсынған жомарт жүректі азаматтарды сүйікті қаламыздың төл мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді.

– Өздеріңізге белгілі, қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың дауылы Ұлы дала еліне де әсер етті. Біз ауыртпашылығы мол, қанағат пен сабырға сенер кезеңге тап болдық. Сондықтан той тойлап, думандататын сәттерден уақытша арыла тұрып, болашағымызды бағдарлауға табанды еңбек етуіміз керек. Осы ретте қала күнінде ұйымдастырылатын жылдағы шараларды қысқартып, отшашу мен концерттерге шектеу енгізіп, қайырымдылық ісіне мән бергенді жөн санадық, – деді қала басшысы.

«Мейірімді қала – Қызылорда» атты қайырымдылық шарасы аясында тұрмыс-тіршілігі төмен 200 отбасыға көмір отыны, 1500 отбасыға азық-түлік қоржыны таратылды. Бұл қайырымды іс көп қызылордалықтың көңілінен шығып, жылы жүректі жандардың жомарттығын тағы бір мәрте танытуға мол мүмкіндік сыйлады.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: