Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 23:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін келісім шарт жасалды

17.03.2021

3890 0

Сырдария өзенінде мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемемен 10 млн. теңгеге келісім шарт жасалды. Қажетті жағдайда кептелістің алдын алу шаралары толықтай жүзеге асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімінің басшысы Ағайша Сматова мәлімдеді.

– Бүгінде облыс бойынша Сырдария өзенінің бойында 56 қауіпті учаске бар. Ол жерлерге құрамында 402 бірлік арнайы техника, 1178 адам қамтылған 130 мекеме бекітілді. Осылайша күн сайын қала мен аудан бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Сондай-ақ, су тасқынының алдын алуға қажетті заттар қоры дайын, – деді А.Қожантайқызы.

Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне түсіп жатқан су көлемі азайып, небәрі 100 текше метрді құрап отыр. Ал өзендегі мұз қалыңдығы орташа 5-15 см. солтүстік аудандарда 20-55 см.

«Сырдария өзенінің арнасында мұз қалыңдығы әртүрлі. Бүгінде мұз Сырдария ауданы Керкелмес учаскесінен төмен 10 шақырым жерде тұр. Яғни, Қызылорда су торабынан жоғары қарай 45 шақырым қашықтықта. Қазір ауа температурасы төмен болғандықтан мұздың жылжуы тежеліп тұр. Қала төңірегіне наурыз айының 20-25 аралығында келеді деп болжап отырмыз», – деді «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.

Сала мамандары, мұз облыс төңірегінен өтіп кетпейінше босаңсуға болмайтынын айтып отыр. Осы мақсатта күн сайын өзен бойында бақылау жүргізілуде.

«Біз дария бойындағы қауіпті учаскелерді тікұшақпен және автокөліктермен бақылау жүргізіп отырмыз. Сондай-ақ, барлық учаскеде бекітілген мамандар жұмыс жасауда. Сақтық шаралары мақсатында 361 бірлік техника, 75 бірлік мотопомпа бар азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары дайын тұр. Бұдан бөлек, өзен бойында орналасқан шаруа қожалықтары мен тұрғындарға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп келеміз», – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: