Сәрсенбі, 24 сәуiр, 01:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі заманауи үлгідегі кәсіби студияның жұмысымен танысты

14.12.2020

1179 0

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіне барып, жаңадан алынған кәсіби дыбыс жазу студиясының жұмысымен танысты.

Кәсіби дыбыс жазу студиясы заманауи үлгідегі озық технологиялармен жабдықталған. Студия сапасы және мүмкіндігі жөнінен Қазақстанда алдыңғы үштікте.

Облыс тарихындағы алғашқы кәсіби студияның мүмкіншіліктері мен артықшылықтарын көрген қала әкімі «Ел арасынан, ауыл аймақтан дарынды жастарды тауып, жаңа студияда жас өнерпаздардың жұлдызын жағып, Сыр таланттары биіктен көрінуіне себепкер болуымыз керек» – деп, Сыр аймағы тарлан таланттарға бай екенін атап өтті. Сондай-ақ, келесі жылы да мәдениет саласын дамытып, жаңашылдықтарға жетелеуде үлкен қолдаудың болатынын айтты.

Өз сөзінде «Студияның кез-келген республикалық, халықаралық байқаулар талабына сәйкес келетін кәсіби өңдеулер жасауға толық мүмкіндігі бар» – деген, композитор Рамазан Тайманов қала басшысына салаға соны серпіліс әкелер бастамаларға қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: