Сенбі, 16 қараша, 02:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесті

02.08.2022

1137 0

Кәсіпте туындаған мәселелер мен бизнестегі кем­шіліктерді жою маңызды. Себебі бұл сала қала экономикасына әсер етіп, жұмыссыздықты азайтуға сеп болады. Міне, сондықтан қала әкімі Асылбек Шәменов ай сайын шаһардағы кәсіпкерлермен тұрақты түрде кездесу өткізуде. Қала басшысы өткен аптада «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының ашық алаңында кәсіп­керлерді салалық мәселелері бойынша қабылдады.

Әкім қабылдауына келген кәсіпті жаңадан бастаушы азаматтар бизнес жоспар әзірлеу, мемлекеттік грант алуға үміткер болу сынды сұрақтарымен жүгінсе, кәсібін кеңейтуді мақсат еткендер қосымша қолдау, жер телімі, ғимаратты жалға алу, әкімшілік кедергілерді жою жайын талқылады.

Кәсіпкерлердің талап-тілегін тыңдаған шаһар басшысы қаланың дамуына жол ашатын тың, жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

− Негізі телекоммуникация және байланыс мамандығы бойынша білім алдым. Қазір жеке кәсіп ашуды жоспарлап отырғандықтан қала әкімінің қабылдауына келдім. Болашақ кәсібім тұрмыстық техниканы жөндеуге қатысты болмақ. Бұған дейін бұл салаға байланысты жұмыс істедім, тәжірибе бар, енді жеке кәсіп керек. Осыған байланысты мемлекеттен грант алу үшін әкім қабылдауына қатыстым. Қала әкімі менің өтініш-тілегімді тыңдап, бизнес жоспарыммен танысып, жауапты мамандарға тапсырды, – дейді жаңадан кәсіп ашуды көздеп отырған қала тұрғыны Ерболат Сәрсенбай.

Жалпы қала көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік негіздерін түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде қазіргі таңда «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша 3,9 млрд теңгені құрайтын 93 жоба қолдау тапса, қайтарымсыз мемлекеттік грант бағыты бойынша құны 11 млн теңгені құрайтын 9 кәсіпкердің жобасы мемлекеттік грантқа ие болды.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: