Қызылорда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Қызылорда облысының жаңа басқару схемасы қабылданды.
Басқармаларды ықшамдауға қатысты бастаманы «Аmanat» партиясының облыстық депутаттар фракциясының мүшелері қолдап, дауыс берді.
«Біздің мақсатымыз – басқармаларды біріктіру арқылы қызмет сапасын арттыру. Әрине басшылық құрам қысқарады, соған орай басқару аппаратының шығыны да азаяды. Бірақ қызмет сапасы төмендемейді. Өйткені халыққа сапалы қызмет көрсетіп, ел көңілінен шығу басты міндетіміз», – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Қызылорда облысын басқарудың жаңа схемасы
«Экономика және қаржы басқармасы»;
«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»;
«Мемлекеттік сатып алу басқармасы»;
«Қоғамдық даму басқармасы»;
«Денсаулық сақтау басқармасы»;
«Мәдениет және спорт басқармасы»;
«Бақылау жөніндегі басқармасы»;
«Білім басқармасы»;
«Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;
«ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы»;
«Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»;
«Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
«Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»;
«Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»;
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы»;
«Ветеринария басқармасы»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!