Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сырдария: су деңгейі бақылауда

04.01.2024

1296 0

Қызылорда облысының өнбойын ала ағып жатқан Сыр өзені аймақтың бағы ғана емес, сондай-ақ құты да. Өйткені облысқа қарасты жеті ауданды түгел басып өтіп, Аралға құятын арнаның Қызылорданың тыныс-тіршілігін жандандырып жатқаны белгілі. Сол себепті де өзеннің қазіргі ахуалы жайлы ақпар бергенді құп көрдік.

Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімі берген мәліметке сүйенсек, облыс аумағына Сырдария өзені арқылы секундына 400 текше метр көлемінде су түсуде. Мұздақтардың қалыңдығы 10-15 сантиметрден аспайды.

Сеңнің қауіпсіз жүруін қадағалау мақсатында жауапты салалармен арнайы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауға алынған. Сондай-ақ тиісті сала қызметкерлері («Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдары) Сырдария өзені арнасындағы 10 су бекеті мен 4 су торабының мамандары су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізуде.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: