Дүйсенбі, 03 ақпан, 19:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Талсуат ауылдық округі: 2024 жылы атқарылған жұмыстар ауқымды

03.02.2025

16 0

Бүгін Талсуат ауылдық округінің әкімі Ерлан Бейсенбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

– Ауыл тұрғындарының игілігі, балалардың кемел келешегі үшін заманға сай әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды жүруде. Өткен жылы ауылда «Талсуат» спорт кешені ашылып, жаңа клуб пайдалануға берілді. Тұрғындардың сұранысына сәйкес О. Сауытбаев көшесінде орналасқан ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 көше жарықтандырылды, – деді ауылдық округ әкімі.

Ауылдық округте 186 шағын кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде. Өткен жылы 7 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл тұрғындарының 11 жобасы қаржыландырылды. Оның ішінде 3 жоба қайтарымсыз грантқа ие болса, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл жобалардың ішінде кондитерлік цехы, ысталған балық өндірісі, техникалық жөндеу орталығы, мал басын көбейту бастамалары қамтылған. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 49,2 гектар жерге, оның ішінде 38 га көкөніс, 1,2 га картоп, 10 га бақша дақылдары егіліп, мал саны 2533 басқа жетті.

– Биыл 4 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуды, 5 көшені жарықтандыруды, 2 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаудамыз. Ауылдық округ аумағында орналасқан 3 әлеуметтік нысанға жаяу жүргіншілер жолын салу және көше жарығын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Сондай-ақ, ауылдағы ойын алаңдарының санын көбейту мақсатында 2 жобаның құжаттары әзірленуде, – деп қорытындылады Ерлан Тұтқабайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: