Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 08:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жұмыспен қамту және АХАТ бөлімі өткен жылды қорытындылады

05.02.2023

1133 0

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысы К.Құрақбаеваның төрағалығымен 2022 жылға бюджеттің орындалуы және көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы және 2023 жылға жұмыс жоспарлары туралы​ қаржы-шаруашылық секторының меңгерушісі М.Нұрмаханованың және​ ұйымдастыру-әкімшілік, кадр қызметі және құжаттамалық қамтамасыз ету секторы меңгерушісі ​С.Фазылованың хабарламасы тыңдалды.
Бөлім тарапынан 2022 жылға бөлінген қаржы 99,9 пайызға игеріліп, қала халқына 28 түрлі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, яғни жыл қорытындысымен 99093 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілсе, оның ішінде азаматтарға арналған үкімет арқылы-17709, бөлім арқылы-3785, электронды үкімет порталы ақылы-77599, үлесі 85,0 пайызды құрады. Оның ішінде 35853 адамға атаулы әлеуметтік көмек, 5325 адамға тұрғын үй көмегі, 3970 жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау, 19119 адамға азаматтық хал актілерін тіркеу, 12387 мүгедектігі бар адамдарға оңалту шаралары ​ бойынша әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Жиын соңында бөлім басшысы К.Құрақбаева биылғы жылдың ерекшелігі осы уақытқа дейін республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен беріліп келген трансферттер жалпы сипаттағы трансфертпен субвенция есебінен қала бюджетіне берілгендігі және де 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Отбасының цифрлық картасы толықтай іске қосылуына байланысты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде цифрлық картада халықтың әл-ауқат деңгейі бойынша қолайсыз, дағдарыс жағдайда деп бағаланған ​ көмекке мұқтаж отбасыларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, өзектендірілетіндігін, алдағы уақытта бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына және мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: