Сенбі, 27 сәуiр, 18:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

 15 жастағы қызды зорлаған жігіт жазадан құтылып кетті

29.08.2023

349 0

Атырауда 15 жастағы қызды зорлаған жігіт жазадан жалтарып кетті. Себебі күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтаған. Өйткені қос тараптың ата-аналары өзара татуласып, құда-жекжат болуға келіскен. Бұл туралы  КТК арнасы хабарлайды.

Сондықтан жәбірленушінің анасы полицияға жазған арызын қайтарып алыпты. Осыдан кейін қылмыстық іс жабылған. Енді ешқандай жазаға тартылмайтынын білген жігіт жақ қызыма күн көрсетпей, үйден қуып жіберді дейді жәбірленушінің анасы. Ол енді құзырлы орындардан қылмыстық істі қайта қарауын сұрап отыр.

15 жастағы қыз жігітпен әлеуметтік желіде танысқан. Жүзбе-жүз көру үшін кездесуге де шақырыпты. Сөйтіп көлігіне мінгізіп алып, айдалаға апарып, қызымды зорлаған дейді анасы. Бірақ бұл сұмдықты мектеп оқушысы ешкімге айтпаған. Оны қызының денесіндегі көгерген іздерін көргенде ғана біліпті. Дереу құзырлы органдарға арыз жазған.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанда зорлаған жігіттің туыстары кешірім сұрап келіпті. Тіпті «балалардың болашағына балта шаппайық, екі жасты қосайық» деп соңғы сөзін айтқан. Жылап-сықтап келген үлкендердің сөзіне сеніп, қызымызды соларға ертіп жібердім, дейді арызданушы ана.

“Қызымды алып кетті. Шағымды өзгерттік. Кешірім бердік. Іс бітіп жатқан кезде жігіттің апасы күйеуімді алдап-сулап, «тергеуші ақша сұрап жатыр 1 млн 600 мың» деп, істі жабу үшін базада сотталды деген қалмасын деп кредит алғызып, ақшаны алды. «Өзіміз төлейміз, алып бер» деп. Жігіттің апасы «іс бітті, енді қызың керек емес» деп, қызыма күнде-күнде тиісіп, тіпті сабауға дейін барды. Қызымды сабаған соң, апасының үстінен арыз жаздым”, – дейді зорланған қыздың анасы.

«Қылмыстық іс жабылған соң қызым ешкімге керек болмай қалды», – дейді жәбірленуші тарап. Осыдан кейін жасөспірімнің психикасы бұзылған.

“Жігіттің апасы маған телефон соғып, «іс бітті, қызыңыз енді керек емес, не істесең де, оны істеңдер, ештеңе істей алмайсыңдар, өйткені біздің әкеміз кезінде органда істеген, сен ештеңе жасай алмайсың қайда барсаң да» деді”, – дейді зорланған қыздың анасы.

«Ар-намысымыз тапталды» деген ата-ана қылмыстық істі қайта көтеруді сұрап, прокуратура арыз жазған. Бірақ қадағалаушы орган қараусыз қалдырған. Сондықтан араша сұраған ана Атырау облысы прокуратурасына барады. Бірақ прокурорлар бұған дейінгі істің неге жабылғанын, жәбірленушінің арызы неліктен қаралмағанын ашып айта алмады.

“Қылмыстық процестік кодексінің 100-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша процеске қатысушы, яғни мәртебесі бар күдікті болсын, басқа да тұлғалар, олар заңды түрде шағым келтіре алады. Кез келген шешім бойынша. Егер уәжді арыз жазатын болса, егер де ішінде уәждер тексеруге жататын болса, егер негізді болса, біз заң қызметкерлері ретінде оны қанағаттандыруға міндеттіміз”, дейді Атырау облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Шыңғыс Нәсіпқалиев.

Осылай деп заңдылықтарды түсіндірген прокурор шағымданушыны жеке қабылдауына алып, анасы тағы да арыз жазып қалдырды. Құзырлы органдар арызын кері қайтарғанда барар жері болмай, салы суға кетіп, амалсыз арнадан араша сұрап келген дәрменсіз ата-ана өрімдей қызының тағдырын тас-талқан еткендердің заңды жазасын алуын талап етеді. Отбасы бұл істі соңына дейін апаратын заңгерлердің көмегіне де зәру.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: