Сенбі, 02 қараша, 01:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

27 тамазға арналған жұлдыз жорамал

27.08.2023

600 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жел тигізіп алмауға тырысыңыз және еденде жалаң аяқ жүрмеңіз: суық тию қаупі бар. Жақындарыңыз да сіздің жеке шекараңыздан аттамауы керек. Осыны ұмытпаңыз және өзіңіз де өзгенің шекарасын бұзбаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? YouTube видеоларынан қысқа 10 минуттық йога сеанстарын жасап көріңіз, бұл сіздің моральдық көңіл-күйіңіз үшін жақсы болмақ. Физикалық жүктеме пайдалы болады, бірақ суық тигізіп алмас үшін, ауа райына сәйкес киініңіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Сізге көңілін, уақытын бөліп, қолдау көрсетіп жүрген достарыңызға ашық түрде ризашылығыңызды білдіріңіз, олар сізге әрдайым қолдау көрсетуге міндетті деген ойдан арылыңыз. Жұбайыңызбен арадағы проблеманы шешу үшін психологқа барған жөн. Бұл қарым-қатынасты нығайтуға сеп болады.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Демалысқа алдын ала жоспар құрыңыз. Қала афишаларын қараңыз, бәлкім сізді ерекше шара күтіп тұрған шығар. аңертең маңызды мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз, өйткені сіз арандатушылыққа оңай берілесіз. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста ішкі тепе-теңдікті сақтау қиын. Кешке қарай ұсақ-түйекке көп алаңдамайтын боласыз, сондықтан бұл шешім қабылдау үшін ең жақсы уақыт.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Шекараңызды қорғаудан қорықпаңыз. Достарыңыз да сіздің ой-пікіріңізді сыйлауға міндетті. YouTube арнасында суретке түсуді үйрететін бейнесабақтарды қараңыз: фотосуретте әдемі болып шығу қаншалықты оңай екенін көресіз және сыртқы келбетіңізге сыни көзқарасыңыз азаяды.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Пайдалы іспен айналыссаңыз, жан дүниеңіздегі үйлесім арта түседі. Бүгін жаныңызды жеген мазасыз ойлардан арылудың ең жақсы жолы – ойыңызды музыка, аудиокітап немесе подкастқа бұру. Тіпті бір сағат үйде сүйікті әніңізді тыңдау сіздің көңіл-күйіңізге оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңіз бар болса, бүгін одан романтика сұрамаңыз, себебі ол жұмыстан бас ала алмай отырған болуы мүмкін. Жағдайды өз қолыңызға алыңыз, екі адамға кешкі ас ұйымдастырыңыз. Сапалы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, жұмыста болмашы сәттерді де мұқият талдау керек.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Қиындықтар күтілмейді, бірақ көңіл-күй керемет бола қоймайды. Көп нәрсе мұңды және жағымсыз болып көрінеді, жоспарлардан бас тартуға немесе оларды кейінге қалдыруыңызға тура келеді. Бұл демалғаныңыз дұрыс екенін аңдататын белгі. Кейде дос деп жүрген адам әділ әрі турасын айтамын деп сіздің көңіліңізді түсіруі мүмкін. Әдейі айтатындар бар екенін естен шығармаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынас нығаяды, жанжалдар ұмытылады, серіктеспен көбірек уақыт өткізуге деген ұмтылыс пайда болады. Жалғызбасты адамдар жаңа адамдармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады: барынша ашық болуға тырысыңыз. Киноқұмар болмасаңыз да, киноафишаларды қарап жүріңіз, сізді қызықтыратын нәрсе болуы мүмкін. Ойда жоқта кешкі сеансқа бару көңіл-күйіңізді көтереді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Өз ортаңыздағы біреуге кездейсоқ комплимент айтыңыз: ол бұл адамның да, сіздің де көңіл-күйіңізді көтереді. Жоспарланған кездесулерді қайта-қайта бұзатын және хабарламаларыңызға қысқа жауап қайтаратын достарды ой елегінен өткізіңіз. Олар сізді бүгінде еш бағаламаса, байланысты тоқтатқан абзал.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін өзіңізге жаңа маусымдық зат сатып алудың тамаша күні. Жақындарыңызбен естелікке толы жылы кеш өткізіңіз, ескі суреттерді ақтарып, альбом қараңыз. Болмаса сүйікті отбасылық фильмді бірге қараңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сізге әсіресе ыңғайлы киімдерге артықшылық беруді ұсынамыз, тіпті олар айтарлықтай сәнді болмаса да, денеңізге барынша жайлылық сыйлауға тырысыңыз. Бүгін тәуекелге барыңыз, бұған дейін батылдық танытпаған жарқын және экстравагантты нәрсені киіңіз. Айналаңыздағы адамдар сізге тәнті болады.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: