Сенбі, 27 сәуiр, 20:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

28 тамызға арналған жұлдыз жорамал

28.08.2023

399 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жан жарыңызды не үшін жақсы көретініңіз туралы ойланыңыз және оған бұл туралы айтуға қысылмаңыз: ол шынымен бұған мұқтаж. Күн өте жемісті болмаса да, күш пен жігер көмектеседі. Кейде шегініп, шешуші әрекет үшін қолайлы сәтті күткен дұрыс екенін есте ұстаған жөн.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Аяқ асты жарықтың сөнуіне дайын болу үшін үйіңізде майшам мен шамдар бар-жоғын тексеріңіз. Сізге олар күтпеген кезде қажет болуы мүмкін. Егер сіз ұзақ уақыт бойы арықтауға тырысып келсеңіз, бірақ сіздің күш-жігеріңіз нәтиже бермесе, диетологпен кеңесіп көріңіз. Маман сізге теңдестірілген ас мәзірін жасап береді, ол міндетті түрде нәтиже береді.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Алғашқы көмек көрсету курсына жазылыңыз: алған біліміңізді іс жүзінде қолдану мүмкіндігіңіз үлкен емес, бірақ білімнің болғаны жақсы. Бүгін сауда жасаудан аулақ болыңыз, өзіңізге айтарлықтай қажеті жоқ дүниеге қомақты ақша жұмсап қоюыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жел тигізіп алмауға тырысыңыз және еденде жалаң аяқ жүрмеңіз: суық тию қаупі бар. Оңай болмаса да сабырлы болыңыз. Күннің бастапқы уақытында біраз қиыншылыққа тап боласыз, бірақ жағдай жақсы жаққа түбегейлі өзгереді. Ең бастысы – абыржымау және алаңдамау.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Кейде дос деп жүрген адам әділ әрі турасын айтамын деп сіздің көңіліңізді түсіруі мүмкін. Әдейі айтатындар бар екенін естен шығармаңыз. Егер жұмыс орныңыз ұнамай жүрсе, жаңа жұмыс іздеудің уақыты келді.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін кешке достарыңызбен дүкен аралауға тамаша күн, уақытыңызды қызықты өткізесіз. Бүгін жеке өміріңізге қатысты маңызды шешімдер қабылдамаңыз, өйткені сіз қателікке ұрынуыңыз мүмкін. Кеңес бермеңіз немесе сыни ескертулер жасамаңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін айтарлықтай қиындықтар бола қоймайды. Сіз ескі мәселелерді шешуге көмектесетін күтпеген жағдайлар мен оқиғаларға тап боласыз. Жоспарланған кездесулерді қайта-қайта бұзатын және хабарламаларыңызға қысқа жауап қайтаратын достарды ой елегінен өткізіңіз. Олар сізді бүгінде еш бағаламаса, байланысты тоқтатқан абзал.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Балаларыңыз бен ата-анаңыздың өзара қарым-қатынасының жақсы болғанын қадағалаңыз. Олардың бірінен бірі үйренері көп. Күн тыныш өтеді. Демалуға, денсаулығыңызды реттеуге, жаңа жетістіктерге дайындалуға мүмкіндік болады.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бойдақтарға кеңес: егер біреу назар аудара бастаса, құлай ғашық болуға асықпаңыз, алдымен араласып, оны жақынырақ тануға тырысыңыз. Маусымдық көкөністерді көбірек жеуге тырысыңыз, бұл сіздің диетаңызды әртараптандырады және денсаулығыңызға оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Ойламаған жерден қалаға экскурсияға шығыңыз: күнде бас сұғуға уақытыңыз болмай жүрген мұражайға барыңыз. Өзіңізге көптеген жағымды эмоция сыйлайсыз. Егер сізде қарсы көрсетілімдер болмаса, ас мәзіріңізге ферментке бай тағамдарды көбірек қосыңыз, оның құрамынада пайдалы заттар көп.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Шынайы болудан қорықпаңыз, адамдар тыңдауға және қолдауға дайын. Кездеуге барыңыз немесе ескі достарыңызды шақырыңыз. Ескі фотоларды парақтап, жалпы өткенді еске түсіріңіз. Сұлулық стандарттарының қалай өзгергені және өзгеріп жатқаны туралы YouTube арнасындағы танымал бейне-роликтердің бірін қараңыз. Бұл олардың қаншалықты жасанды, мағынасыз екенін және ондай стандарттарды қуудың еш мәні жоқ екенін түсінуге, өзіңізге ұнайтын нәрсеге көбірек назар аударға тырысқаныңыз жөн екенін ұғынуға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Жақсы досыңызбен кездесуді күтіңіз, онымен қарым-қатынастан ләззат алыңыз, әр сәтті бағалаңыз. Егер сіз ұзақ уақыт бойы өз бойыңызға салауатты өмір салтын сіңіргіңіз келсе, дәл қазір бастаңыз: күні бойы су ішуді еске салатын қолданбаны орнатып алыңыз.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: