Бейсенбі, 02 мамыр, 06:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

3 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

03.09.2023

467 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктісін іздеп жүрген зодиак белгілерін кездейсоқ таныстықтар күтіп тұр. Иіссуды тек мерекелерде қолдану керек деген ереже жоқ. Өзіңізге күнделікті қолданатын жұпар иіс сатып алыңыз, ол сізді басқалардан ерекшелейтін визит карточкаңыз болады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Егер балаларыңыздың сабақ үлгерімі нашар болса, өзіңізді де, балаңызды да еш кінәламаңыз. Тым болмаса, жеке ұстаз жалдап, оның білімін толықтыруға септесіп жіберіңіз. Егер сіздің таныстарыңыздың біріне сенім болмаса, одан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Сақ болыңыз, бәлкім қарым-қатынасты тоқтату керек шығар.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін алдын ала жазылусыз экспресс маникюрге бару үшін қолайлы күн: нәтижесі мен сапасы сізді қуантады. Жасқа байланысты өзгерістер туралы аз алаңдауға тырысыңыз: олар мүлдем табиғи, оларда ұят немесе жағымсыз ештеңе жоқ. Есіңізде болсын, сұлулықтың «жас» стандарттары тек пайда табуға бағытталған.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Кәсіби фотосессияға жазылуды қарастырыңыз. Бұл сіздің келбетіңіздің артықшылықтарын көруге және ұзақ жылдарға естелік етіп қалдыруға көмектеседі. Күн тәртібін қайта қарастырыңыз: ұйқыңыз жеткіліксіз болуы мүмкін, бұл сіздің ағзаңызға теріс әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңізге жылы сөз айтыңыз, серіктесіңіз сіздің мақтау сөздеріңіз бен жылы лебізіңізге мұқтаж. Кешке компьютер мен смартфоннан өзіңізді аулақ ұстап, демалуды ұмытпаңыз. Ұйықтар алдында шөп шай ішіңіз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Айтарлықтай проблема туындамайды. Өз эмоцияларыңызды бақылауда ұстаңыз. Күнделікті істерге көбірек көңіл бөліңіз. Кез келген жағдайда сабыр сақтаңыз. Басты кілт – байсалды болу, ол көп нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі. Ешкімді сынамаңыз, басқалармен әзілдеспеңіз, бейтаныс адамдармен ашық сөйлеспеңіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Тек бет терісіне ғана емес, дене терісіне де күтім жасауға тырысыңыз: себезгіден кейін лосьон қолдану жағымды рәсімге айналуы мүмкін, ал өнімнің жағымды иісі көңіліңізді көтереді. Жақындарыңызды жақсы ниетпен сынасаңыз да, сынды барынша сыпайы түрде жеткізіңіз, шектен шықпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңіз естіген тұрмыстық лайфхактардың бірнешеуін қайталап көріңіз. Олар сіздің үйдегі тірлігіңізді жеңілдете түседі. Қарым-қатынаста толассыз жұмыс жасаған тиімді. Осы жайлы жиі ойланып, серіктесіңізді қуантудың тәсілдерін ойластырып жүргеніңіз абзал. Десе де өз қалауыңызды да ұмытпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз ештеңе істемесеңіз де болады. Күніңіз ғажайып әлеміндегідей сәтті өтеді. Блогерлердің кеңесін аз тыңдаңыз және өз пікіріңізге сенуді үйреніңіз: блогерлер әдетте нағыз сарапшы емес, олар өз аудиториясынан ақша табу үшін жарнама ұсынған болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Маңызды нәрселер кестесін жасау үшін отбасы мүшелерімен сөйлесіңіз, бұл бірге уақыт өткізуге сеп болады. Бүгін сізде күш-қуат мол болады, соның арқасында сіз кез келген істі оңай атқарасыз, мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Қолдауға мұқтаж болсаңыз, достарыңызға емес, отбасыңызға жүгініңіз. Қарым-қатынаста сыйлықтар, тосынсыйлар және қамқорлық күтіңіз. Сүйіктіңізге қаншалықты риза екеніңізді көрсетіңіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Сақ болыңыз: сізге өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, картаңыздың деректемелерін алуға тырысатын алаяқтар қоңырау шалуы мүмкін. Өкпе-ренішті сақтамаңыз. Серігіңізге барлық өкпеңізді ашық айтып, еш ашу-ызасыз түсіндіріңіз.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: