Дүйсенбі, 06 мамыр, 05:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

31 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

31.08.2023

298 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бірнеше күнге әлеуметтік желіні пайдалануды шектеп көріңіз. Бұл сіздің эмоционалды күйіңізге өте пайдалы болады. Бұл қарым-қатынас құруға арналған ең жақсы уақыт. Сіз бәріне сабырмен қарап, маңызды мәселелерді талқылай аласыз. Егер олар көмек сұраса, бас тартпаңыз. Жаңа достарыңызға жағымды әсер қалдырасыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін еш себепсіз сәндену үшін тамаша күн, жай ғана көңіл-күйіңізді көтеру және айналаңызды өзіңізге тәнті қылу үшін оңтайлы күн. Дене бітіміңізге қарым-қатынасыңызды қайта қарастырыңыз: сіз өзіңізді көбірек жақсы көруіңіз керек.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңызға көмектесу үшін жоспарларды өзгертіңіз. Бүгін саяхаттамауға тырысыңыз, өйткені кішігірім қиындықтар болуы мүмкін. Тері күтіміне арналған өнімдерді сатып алудан қорықпаңыз. Өнім туралы пікірлермен танысып, сұлулық пен теріңіздің денсаулығына тиімді инвестиция жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жеке қарым-қатынастарға жылулық қосыңыз, серіктесіңізге қамқорлық танытыңыз. Сүйіспеншілігіңізді еске түсіріңіз, бұл сіздің жан жарыңызға өте қажет.

Егер өзіңіз әсер ете алмайтын жайтқа алаңдасаңыз – аз да болса қайырымдылық жасаңыз, сонда сіз өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Әріптестермен бейресми қарым-қатынасқа назар аударыңыз: бұл сіздің жақын достарыңыздың шеңберін кеңейтуге әсер етуі мүмкін. Гардеробыңызды тазартуға және қажетсіз ескі дүниелерден арылуға тамаша күн.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңізді жиі аймалаңыз. Қолынан ұстап, бетінен сүйіңіз. Бұл сіздің қарым-қатынасыңызға романтика сыйлайды, түрлендіреді. Араңыздағы ғашықтық сезімін қайтаруға сеп болады. Кішігірім мәселелер туындап, жұмысыңызға кедергі жасауы мүмкін. Қақтығыстардан бойыңызды аулақ ұстаңыз, конструктивті қарым-қатынас жасаңыз. Жаңа достар мен одақтастар пайда болады немесе жақсы бизнес тандемі қалыптасады. Қаржылық шешімдерді келесі аптаға қалдырыңыз. Біліміңізді толықтырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Үтіксіз үтіктеу тәсілдерін (спрейдің көмегімен) байқап көріңіз. Бұл сіздің жұмысыңызды әжептәуір жеңілдетеді. Таңғы уақыт нәтижелі болмақ. Бұған дейін шешімі табылмай келген мәселелерді қолға алсаңыз болады. Көптен бері істегіңіз келмей жүрген жұмыстарды реттеңіз. Десе де өзіңізге шамадан тыс жүктеме артпаңыз және сергек болуға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізде үйде жаттығулар жасауға мотивация жеткіліксіз болса – өзіңізге әдемі және ыңғайлы спорт костюмін сатып алыңыз, бұл жаңа киіміңізді киюге себеп керек болады. Достар қонаққа келуге асығуда, дастарханыңыз жаюлы болсын. Олар кеткеннен кейін тыныштықта демалыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жұмыста үзілістерге кететін уақытыңызды қадағалаңыз, әйтпесе бүгін маңызды міндеттерді шешуге уақытыңыз болмауы мүмкін. Сіз қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін шыдамды болуыңыз керек. Алда сізді айтарлықтай белеске жеткізетін күн бар. Асықпаңыз, әйтпесе қателікке ұрынуыңыз әбден мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін ойыңызды жинақы ұстағаныңыз абзал, әсіресе қолыңыздағы заттарға мұқият болыңыз. Кілт сияқты ұсақ-түйек затты жоғалтып алу қаупі бар. Отбасыңызға идеяларыңыз бен жоспарларыңызды бөлісіңіз. Олар тек қолдау көрсетіп қана қоймай, сенім білдіргеніңізге риза болады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Жақын адамдарыңыздан демалысын/каникулын қалай өткізгісі келетінін сұрап, демалысты алдын ала жоспарлап қойыңыз. Әйтпесе, уақытты босқа жоғалтып алуыңыз мүмкін. Мүмкін болса, жауапты тапсырмаларды бір күнге ысырып қойыңыз. Бүгін сіз аздап алаңдауыңыз мүмкін. Міндетті түрде жұмыстан үзіліс жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге сапалы тұрмыстық химия сатып алыңыз, бұл үйді жинау кезінде жұмысыңызды айтарлықтай жеңілдетеді. Қазіргі жағдайыңызға көңіліңіз толмайтын болады. Жағдайға қанағаттанбау және шиеленістің күшеюі сізді батыл әрекет етуге мәжбүр етеді.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: