Жұма, 17 мамыр, 13:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

4 адам жантүршігерлік жол апатынан мерт болды

25.08.2023

514 0

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

24 тамызда Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Рудныйдың ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан.

Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемей, жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша соталды тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: