Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

7 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

07.09.2023

507 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңыз бен достарыңыздан сізді неліктен жақсы көретінін және бағалайтынын айтуын сұраңыз. Олардың жауабы сізді қуантып, таңғалдырады әрі өзіңізді бағалай түсуіңізге себеп болады. Өзіңізді релаксациямен емдеңіз: массаж немесе йога сізге шынымен демалуға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жағдайыңызды жақсарту үшін жүгіруді қолға алыңыз және ұйықтар алдында жалбыз шайын ішіңіз. Өзіңіздің кәсіби салаңыздағы білімді жетілдірудің ыңғайлы және қызықты форматын табыңыз. Ол – подкасттар, бейнежазбалар, мақалалар немесе онлайн конференциялар болуы мүмкін. Осылайша сізге нарықта сұранысқа ие маман болып қалу оңайырақ болады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Ем алуға, дәрігерге көрінуге біршама шығын шығуы мүмкін. Уайымдамаңыз, жақында бәрі жақсы болады. Ар-ұжданыңызбен мәміле жасауға тырыспаңыз: қалайтын және қолайлы жолмен емес, дұрыс жолды таңдап әрекет етіңіз, осылайша болашақта өзіңізді жазғырудың қажеті болмайды.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Негативті эмоцияларды сыртқа шығарып отырыңыз: жүректі елжірететін фильмдер тамашалап, әбден жылап алыңыз. Содан кейін едәуір жеңілдеп қаласыз және алдағы күндеріңіздің шуақты болуына ендігі көңіл-күйдің болмауы кері әсер етпейтін болады. Бүгінгі күн қарбалас тіршілікке толы болады. Жұмыстарыңызды қолға алыңыз. Эмоцияларыңызды тежеп, жағдайды сабырмен бағалауға тырысыңыз. Бұл қажетсіз жанжалдарды болдырмауға көмектеседі. Жағдайды ушықтырмаңыз және өміріңізде нені қазір өзгерту керектігін ойланыңыз. Пайда болған мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін ерекше сақ болыңыз. Серіктесіңіздің сіздің немен айналысып, кіммен араласуыңыз қажет екендігі туралы талаптарын орындамаңыз. Себебі сіз осылайша өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Бұл қауіпті әрі дұрыс қарым-қатынас емес. Бүгінгі оқиғалардың басым бөлігі ойлағаныңыздан асып түседі және жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сәттілік серігіңз болады, сондықтан бұл уақытты пайдаланып, маңызды мәселелерді шешіңіз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Үй шаруасын ертеңге қалдырмай, бүгін тындырып тастаңыз, себебі алдағы уақытта сізді бұдан да жағымды тірліктер күтіп тұр. Жақын адамыңызға себепсіз кішкентай болса да, сыйлық жасаңыз, бұл оны шексіз қуантады және қарым-қатынасыңызды нығайтады.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Таза ауада көбірек жүріңіз, бұл сіздің денсаулығыңызға өте жақсы әсер етеді. Үнемі жақсы көңіл-күйде жүруге міндеттімін деген ойдан арылыңыз: адамның түрлі көңіл-күйде болуы – қалыпты жағдай, сондықтан жақсы көңіл-күйде жүргендей кейіп танытудың еш қажеті жоқ. Қандай жағдай болмасын, өз көңіл-күйіңізді сол күйінде қабылдаңыз, өзіңізді кінәламаңыз және шынайы сезімдеріңізді білдіруден тосылмаңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізді қандай да бір мәселе алаңдатса, мүмкіндігінше достарыңыз бен таныстарыңыздың пікірін сұраңыз. Сонда ғана сіз шынымен нақты шешім қабылдай аласыз. Ауа ылғалдандырғыш сатып алуды ойластырыңыз, бұл сіздің денсаулығыңызға лайықты инвестиция.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жаңа және жағымды танысуларды күтіңіз. Бұл күн достықтың немесе тіпті романтикалық қарым-қатынастардың басы болуы мүмкін. Өзіңізді романтикалық фильмнің кейіпкеріндей сезініңіз. Сүйіктіңізбен қаланың сыртына шығып, романтикалық кеш ұйымдастырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жақын адамдарыңызбен өмірлік жоспарларыңызды талқылаңыз, соның арқасында қателіктердің алдын аласыз. Ақшаға қатысты мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз. Жұмыстағы жетістіктеріңізді үнемі еске түсіріп тұруды ұмытпаңыз, бұл өзіңізді бағалай білуге оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Достарыңызды ренжітіп алмаңыз, бүгін қандай эмоционалды күйде болсаңыз да, олар сіздің проблемаларыңызға кінәлі емес. Күн күйбең тірлік пен алаңдаушылыққа толы болмақ. Десе де сіз бәрін жеңесіз, ең бастысы дұрыс шешім қабылдау үшін сабырлы болу. Басымдықтар өзгереді, шын мәнінде не маңызды екенін түсіне бастайсыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңізден бөлек, өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысуды әдетке айналдырыңыз. Бұл бір-біріңізге тәуелді болудан және жалығып кетуден сақтайды. Өзіңізді шамадан тыс жұмысқа жекпеңіз: өміріңіздің құнды уақытын жоғалтуыңыз мүмкін, ол ешқандай ақшамен өтелмейді.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: