Фото: kaz.nur.kz
Қызылордада 8 жасар баланың кәріз құдығына құлап кеткені туралы хабарланды. Бірнеше сағаттан соң құтқарушылар оның денесін тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 25 қарашада сағат 18:00-де құтқарушылардың күшімен 2015 жылы туған баланың мәйіті кәріз құдығынан табылып, сыртқа шығарылды. Оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД (18 қызметкер, 5 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығының филиалы (3 қызметкер, 1 бірлік техника), полиция департаменті (8 қызметкер, 3 бірілік техника), жедел жәрдем бригадасы (3 адам, 1 бірлік техника), «Қызылорда су жүйесі» (5 адам 2 бірлік техника), жергілікті атқарушы орган (10 адам, 2 бірлік техника) жұмылдырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!