Жексенбі, 28 сәуiр, 19:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

8 жасар қызды электросамокат мінген жігіт қағып кетті

21.08.2023

323 0

Қарағандыда отбасымен бірге саябақта серуендеп келе жатқан 8 жасар қызды электросамокат мінген жігіт қатты жылдамдықпен қағып кетті. Бұл туралы Аstanatv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Блогер Денис Денски оқиға туралы өзінің Telegram арнасында жазды.⠀

«Қызым жанымда келе жатқан. Не болғанын түсінбей, абдырап қалдық», – деді кішкентай қыздың анасы.

Блогердің айтуынша, жиырма үш жастағы жігіт оқиға орнынан қашып кетпек болған. Оны ұстап қалған жалғыз нәрсе – музыка бағанасының жерге ұшып құлауы.

“Оқиға орнына адамдар бірден жинала бастаған. Олардың айтуынша, бұл жігіт саябақта жиі самокат тебеді екен. Бұған дейін де бірнеше рет сөгіс алған. ⠀

Бүлдіршінді тексеру үшін Мақажанов емханасына жеткізді. Бақытымызға орай, ол көгерген, сыдырылған жарақаттардан аман қалды.

Түнде қыздың анасы жігіттің үстінен арыз жазу үшін полицияға барған. Өтінішті қабылдады, бірақ таңертең ол кісіге өтініш қаралды, бірақ өзгеріссіз қалады деген хабарлама келді», – деді блогер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: