Бейсенбі, 28 наурыз, 22:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Адам есімін қоюда үлкен мән бар

03.02.2022

738 0

Сәбиге ат қою, нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау ата-ананың тікелей міндеті болып саналады. Қазіргі таңда жас отбасылар сәби дүниеге келмей жатып есімін таңдап қояды. Бұрынғы заманда ата-бабамыз ат қоюға ерекше мән берген. Дінімізді берік ұстанған. Нәресте туылғанда үлкен той жасап, сәби есімін қоярда молда алдыртып азан шақырып, үш рет баланың құлағына естіртіп айтып қойған. Қазақ елінің ырым-тыйымдары таусылған ба? Сол кезеңдерде есімді ата-әжелеріміз көпті көрген қариялар мен үлкен абыройлы азаматтардың жолын берсін деген мақсатпен қойған.

Қазақ баласының есімі әр түрлі жағдайда қойылса керек. Баласының дені сау болсын деп Тасболат, Темірбек, Болатбек, Шымырбай деген есімдерді таңдаған. Өмір жасы ұзақ болсын деп Жүзбай, Жанұзақ, Ұзақбай Өмірбай, мереке күндері дүниеге келген балалардың есімін Мейрамкүл, Мейрамбек, Наурыз, Жеңіс деп қойған. Ал перзентін сағына күткендер Арман, Сағыныш, Аңсар, Қуаныш деп қойса, кенже балаларын еркелетіп Кенжебек, Еркеназ, Ақкенже деп қазақтың иісі аңқыған, естігенде құлаққа жағымды есімдерімен атаған.

Қазіргі таңда жастар сәбилеріне мағыналы керемет есімдерді емес, шетелдік жұлдыздардың есімін қойғанына мәз. Кейде қойылған есім баланың болашақ өміріне тікелей байланысты екенін біле ме екен?! Балаға есім қоярда ойланып, тереңінен зерделеп, зерттеп, азан шақырып қою керек. Жаңаша етіп қоямын, ерекше болсын деген мақсатпен ұлының есімін Диас, Ринат, ал қыз баланың есімін Алина, Анел, Жанел, Элзура деген мән-мағынасыз есімдерге құмар болып бара жатырмыз.

Шетелдік түрік, кәріс киноларын үзбей көретін қазақтарымыз сол елге еліктеп жұлдыздардың есімдерін ырым етіп қойып жататыны рас. Бірақ өзімізде де жұлдыздардың небір әдемі есімдері бар емес пе?

Қазіргі кезде азан шақырып қоюды да үйінде үлкен қария болмаса ұмытқан. Азан шақырып ат қою – сәбиге есім қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін дәстүрлердің бірі болғандықтан «азан шақырып қойған аты» деген тіркесті күнделікті қолданысқа енгізгенбіз. Перзентінің құлағына азан шақырып, жақсы есім қою – ислам дінінің ата-анаға жүктейтін жауапты міндеттерінің бірі. Әке-шешесі таңдаған есім баласы өскенде кесірін тигізбейтін болуы шарт. Сондай-ақ адам есімінің мағыналық тұрғыда өте сауатты болуының маңызы туралы хадис-шарифте де айтылған. «Сендер қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар, сондықтан есімдеріңді жақсартыңдар». Кей адамдар атты неге азан шақырып қояды деп дұрыс мән бермейді. Күнделікті бес уақыт намаздың уақыты кіргенін мұсылмандарға хабарлағанда азан айтылады. Сондай-ақ сәбиге ат қояр сәтте

де азан үні болғаны дұрыс. Себебі оқылған азан мен қамат сәбиге жасалған алғашқы иман қадамы болып табылады. Азан мағынасы мен мазмұнында терең имандылыққа жетелейтін мән жатыр. Осыны жастар жағы түсінсе екен. Сәбилеріне дұрыс есім таңдай біліп, азан шақырып қою керек. Баланың келешегіне немқұрайлы қарамаған жөн.

Айбек ЖАҚСЫЛЫҚ

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

IV курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: