Жексенбі, 28 сәуiр, 04:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

26.11.2023

347 0

Фото: қала әкімдігі

Қаланың екі нүктесінде, яғни Астана даңғылы мен Жанқожа батыр көшесінің бойында қала мен Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өткізілді.

Астана даңғылының бойындағы жәрмеңкеге Қызылорда қаласы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері шаһар тұрғындарына 40-тан астам өнім түрін ұсынды.

Жалпы, 75 автокөлікпен барлығы 122,8 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілді. Атап айтқанда, 10 т күріш, 25 т картоп, 15 т сәбіз, 20 т жуа, 6 т қырыққабат, 8 т асхана қызылшасы, 3 т сиыр еті, 1 т қой еті, 2 т жылқы еті, 1 т шұжық, 2000 л ағарған, 6 т балық және басқа да өнімдер базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада босатылды.

Таңмен таласа басталған жәрмеңкеге жиналған қала тұрғындары өзіне қажетті азық-түлікті қолайлы бағамен сатып алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: