Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 14:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қоғамдық кеңестің жұмысы жанданады

18.03.2022

876 0

Қоғамдық кеңес мүшелерінің үш жылдық өкілеттіліктері аяқталады. «Достық» үйінде өткен кездесуде кеңестің жұмысы қорытындыланды. Басқосуда Мемлекет Басшысының Жолдауы және аймақтың алдағы даму барысы талқыланды. Оған кеңес мүшелері, басқармалар, департаменттер мен мекеме басшылары қатысты.

«Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында қоғамдық кеңестердің жұмысын одан әрі жетілдіру туралы тоқталды. Онда кеңестердің орасан зор институционалдық әлеуеті барын, елімізде азаматтық белсенділікті жандандыру қажеттігін айтты. Ендігі міндет, соны толығымен жүзеге асыруымыз керек. Алдағы уақытта, жаңа толқын, кеңестің келесі мүшелері Президенттің берген басымдықтарын жаңаша леппен, жаңа үдеріспен орындайды деп сенемін», – деді Кеңес мүшесі Қылышбай Бисенов.

Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшесі, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев та Президенттің бастамасына қолдау жасап, қазіргі қоғамдық кеңестердің бәрін өз айналасына топтастыратын Ұлттық құрылтай туралы айтты. Билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатынына сенім білдірді.

Мұнан соң, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бақберген Досманбетов кеңестің үш жыл көлемінде атқарған жұмысына тоқталып, алдағы қалыптастырылатын кеңестің жаңа құрамына сәттілік тіледі.
Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай ел дамуына үлес қосқан азаматтарға аймақ басшысының алғысын жеткізді. Мұнан соң, өңірдің даму барысын айтты.

«Қоғамдық кеңес мемлекет пен азаматтық ұстанымы нық азаматтардың бірлескен істі ашық талқылауға мүмкіндік беретін ашық алаңына айналды. Қоғамдық кеңес облыстағы өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстарды ортаға салып, өңір дамуына зор үлес қосты. Өңірдегі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, эпидемиологиялық ахуал, қуаңшылыққа байланысты атқарылған жұмыстар, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық көліктер мәселесі, Қызылорда қаласында газды тасымалдау қызметі және басқа да аймақтағы өзекті мәселелер қаралды», – деді Қайрат Рзақұлұлы.

Мұнан басқа, кеңесте аудандар мен елді мекендерді газбен қамту және сұйытылған отын бағасын реттеу, Сырдария өзенінің арнасын қалыпқа келтіру, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу мүмкіндіктері де талқыға түскен. Нәтижесінде, мемлекеттік органдарға 43 ұсыныс берілді.

«Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында елдегі саяси реформаларды жүзеге асыруды, оның ішінде Қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіруді тапсырған болатын Ендігі кезекте, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз етуде Қоғамдық кеңеске артылар жауапкершілік одан әрі күшейе түсетіні анық», – деп кеңес төрағасы Бақберген Досманбетов кеңес жұмысын қорытындылады.

Кеңес мүшелері кеңестің алдағы жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ойларын жеткізді.

Айта кету керек, облыстық Қоғамдық кеңестің қазіргі құрамы 2019 жылы жасақталып, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келді. Бүгінде Қоғамдық кеңес облыстағы өзекті мәселелер талқылап, шешімін табатын диалог алаңына айналды. Кеңес құрылған уақыттан бері 14 отырыс өткізіліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 28 мәселе қаралған.

Қызылордада қоғамдық кеңестің жұмысы жанданады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: