Бейсенбі, 09 мамыр, 10:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Әкесі туған қызын екі жыл зорлаған

11.09.2023

316 0

Алматыда өзінің туған қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген ер адам 20 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеді.

«Іс жүргізу материалдарында 1979 жылы туған М.есімді азамат 2021 жылдан бері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, моральдық зиянмен қоса, денсаулығына да зиян келтіргені анықталды. Екі жылдан кейін қыз бала бұл туралы анасына айтқан. Ал анасы өз кезегінде полицияға арызданған.

ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес М.есімді азамат дереу уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Содан кейін сот оны қамауға алуға санкция берді. Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптамалық зерттеулермен, жәбірленуші қыздың түсініктемесімен және тергеу әрекеттерімен дәлелденді», – деді Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

2023 жылғы 16 тамызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М.есімді азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: