Сейсенбі, 24 ақпан, 23:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Әлеуметтік қорғау шаралары

24.02.2026

57 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Өткен жылы 3 508 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 18 216 адам қамтылды. 1–6 жас аралығындағы 5 590 балаға қосымша төлемдер төленді. 229 отбасы тұрғын үй көмегін алды. Жеңістің 80 жылдығына орай мыңнан астам ардагер мен теңестірілген азаматтарға біржолғы төлемдер жасалды. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 198 студентке оқу гранттары бөлінді. 130 азаматқа бостандыққа шыққаннан кейін әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, 1 252 адам жеке көмекші қызметімен, 529 зейнеткер жартылай стационарлық қызметпен қамтылды. 26 «Инватакси» қызметі жұмыс істеді. 7 927 адамға оңалту құралдарымен, үйде қызмет көрсету арқылы 263 жалғызбасты қартқа көмек берілді. 521 балаға үйде оқытуға, демеушілер есебінен 3 794 отбасыға азық-түлік және материалдық көмек көрсетілді. 15 094 адамға Республика күніне орай біржолғы әлеуметтік төлем, 12 мың көпбалалы отбасыға спорт нысандарына тегін бару мүмкіндігі жасалды. 129 азамат бейімдеу орталығында қолдау алды. «Отбасын қолдау» орталығы 3 800-ден астам адамға кеңес берді.

Кенжегүл Құрақбаев,

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: