Сенбі, 27 сәуiр, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Әжеңнің жүрегін жарып өлтіресің». – Блогер айқайлап әжесін жылатты

21.08.2023

466 0

Әлеуметтік желіде әжесіне Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың» өлеңін оқыған блогердің видеосы көпшілік талқысына түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеоны @armaki_ есімді қолданушы әлеуметтік желіге жүктеген. Өлеңді бар даусымен айқайлап, жоғары тонмен оқыған қыздың бұл қылығы біреулердің наразылығын тудырса, басқаларды күлдіртті.

Бұл кадр TikTok желісінде 356 мыңнан аса қаралым мен 500-ге жуық пікір жинаған.

«Әже қорыққаннан жылады», «Мұқағали атамыз өлеңді шығарғанына өкініп қалған шығар», «Үлкен кісіге сонша айқайлағаны несі», «Шошыттың ғой», «Сен қыз бір күні әжеңнің жүрегін жарып өлтіресің», «Осыдан кейін әже бақытты емеспін деп айтуға қорқып қалған шығар», – деп пікір қалдырған Желі қолданушылары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: