Жұма, 17 мамыр, 20:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Ағзаға таза су да пайдалы

12.09.2023

280 0

Қазақстан Президенті  2021 жылғы Жолдауында Үкіметке алдағы бес жылда халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Қызылордада халықты таза ауыз сумен қамту бағытында нендей жұмыстар атқарылды? Сұрақтың жауабын білу үшін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан деректерді сөйлетейік. 

Облыстағы 230 ауылдың 198-і немесе тұрғындардың 98,1 пайызы орталық­тандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 32 ауылда 8 мыңнан астам адам, яғни ауыл халқының 2 пайызы қоныстанған.

Президент тапсырмасына сәйкес ай­мақта бірқатар жоба қолға алынған. Нақтырақ айтсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы 3 елді мекенге (Арал ауданындағы Ақбасты, Абай, Тоқабай), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы 5 елді мекенге (Арал ауданындағы  Көктем, Ерімбетжаға, Қазалы ауданындағы  Шәкен, Шиелі ауданындағы Қызылқайың, Қосүйенкі) су желісі тартылады. Жергілікті бюджеттен 24 елді мекенге (Арал ауданындағы Жіңішкеқұм, Мойнақ, Құланды, Тастүбек, Күршек, Сазды, Қазалы ауданындағы Қожақазған, Мәдениет, Тапа, Ажар, Бірлік, 101 разъезд, 102 разъезд, Сарбұлақ, Жұбан, Шилі, Шөлқұм, Қармақшы ауданындағы Ордазы, Сарытоғай, Кекірелі, Шобанқазған, Шиелі ауданындағы Лесхоз, Жуантөбе, Ақтам) су тұщытқыш қондырғылар орнату жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл сумен қамту және суды бұру саласындағы 23 жобаға 7,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 83,7 шақырым ауыз су, 6,9 шақырым кәріз жүйесі мен 12 дана КНС жаңғыртылып, 7 ұңғыма пайдалануға беріледі.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: