Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы тұрғындарды қабылдады

22.02.2023

880 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке қабылдады. Бүгінгі қабылдауға 11 адам жазылған, оның екеуі онлайн режимде мәселесін жеткізді.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі қаржылай көмек көрсету, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым жүргізу, кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін көтерді. Аймақтағы елді мекендерге, көше, мектептерге өңір дамуына өз үлесін қосқан азаматтардың есімін беру жөнінде ұсыныс айтты.

Облыс әкімі қабылдауға келген азаматтардың ұсыныс-пікірлері алдағы уақытта зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді.

Атап айтқанда, 73 жастағы жалғызбасты қала тұрғыны өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған үйіне ауыз су жүргізуге көмек сұрады. Аймақ басшысы қала әкімі Асылбек Шаменовке зейнеткердің үйіне барып, тұрмыстық жағдайымен танысуды, сосын нақты ұсыныс беруді тапсырды.

Қабылдауға келген тағы бір азамат «Еңбек» саяжайына ауыз су, табиғи газ және электр жарығын жүргізу мәселесін көтерді. Нұрлыбек Машбекұлы қала әкімі және облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына саяжай аумағындағы инфрақұрылым түйткілдерін мұқият зерттеп, электр жарығын жүргізу жұмыстарын 10 наурызға дейін жүзеге асыруды міндеттеді.

Осы уақытқа дейін облыс әкімі 27 жеке қабылдау өткізіп, 600-ге жуық тұрғынның өзекті мәселесіне ден қойды.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: