Жұма, 29 наурыз, 04:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Қазақ мұны білу керек»: Светқали Нұржанов президент Тоқаев жайлы бір сырды айтты

15.06.2022

1086 0

Белгілі ақын Светқали Нұржанов еліміздегі діни ахуал мен түрлі ағымдар жайлы ойын ашық айтты. Тоқаевтың жалғыз қайғысы туралы да пікір білдірді. Сондай-ақ хиджабқа қатысты пікірін жеткізді. 

Бұл туралы «Сұрауы бар» бағдарламасында айтты. 

Светқали Нұржанов өткен аптада Мұхамеджан Тазабековке қарсы сын айтып, пікірі қызу талқыға түскен еді. Бұл пікірді қолдаушылар да, қарсы шыққандары да табылды. 

Ақын ағасына Тазабеков сабырмен жауап берді. Ал Айгүл Елшібаева көлемді жазба арнап, қолдау көрсетті. 

Светқали Нұржанов әуелі президент Тоқаевтың қазаққа шын жаны ашитын азамат екенін айтты. 

“Тоқаев жанында жүрген бір азаматқа сыр айтыпты. Маған мансап қызық емес. Ертең қандай атым қалады, абыройым не болады деп ойламаймын. Маған тақ та, атақ та қызық емес. Мен халыққа қызмет етіп, осы мемлекетті лайықты бір азаматқа тапсырып кетсем жетеді. Маған басқа ешнәрсе керек емес деген. Бұл оның сыры еді. Мен оны қазаққа айтып отырмын. Халық мұны білуі керек. Шын жанашыр, адал сүт емген, қорғайтын, қолдайтын басшысы барын білу керек”, –деді ол. 

Светқали мырза сөз арасында хиджабқа қарсы көзқарасын білдірді. 

“Қазақ ешқашан қызын да, әйелін де қара жамылтып тұмшамаламаған. Бұл өте жаман ырым. Қазақтың қыздарының тақиясы болған. Әр жасына сай әйел затының кигені бөлек болды. Бірақ қара орамал таққан жоқ. Тұмшаланған жоқ. Хиджаб қазақтікі емес. Мен бұған түбегейлі қарсымын. Бұл арабтан келген. Бізге тықпалағысы келеді. Бізге жат. Арабтың идеологиясын бізге әкелгісі келетіндердің шығарғаны”, – деді ақын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: