Сенбі, 04 мамыр, 04:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Прокурор: Салтанат Нүкенованың басына 12-13 рет соққы жасалған

12.03.2024

396 0

Сурет:massaget.kz

Сараптама барасында марқұм Салтанат Нүкенованың басына 12-13 рет соққы жасалғаны анықталды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан соттың алдын ала тыңдауында прокурор Айжан Аймағанова айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Жүргізілген сараптама нәтижесінде адамның (Салтанат Нүкенова – ред.) дене жарақаты салдарынан қайтыс болғаны анықталды. Енді қандай абайсызда кісі өлтіру әрекеті туралы айта аламыз? Сарапшылар Салтанат Нүкенованың басына 12-13 соққы тигенін көрсетіп отыр. Қорғау тарапы видеоматериалдарды қылмыстық іс материалдарынан алып тастауды сұрап отыр. Ол жерде Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып жатқаны анық көрсетілген. Іс бойынша 50 шақты адамнан жауап алынды, олар тікелей немесе жанама түрде Бишімбаевтың Нүкенованы мақсатты түрде ұрғанын айтты», – деді Айжан Аймағанова.

Айыптау қорытындысы бойынша Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова Астанада өткен концертте болғаны айтылды. Концертте олардың арасында жанжал басталған. Кейін олар мейрамханаға бірге барған, ол жерде де жанжал жалғасқан. Нүкенова Бишімбаевтан кеткісі келетінін айтқан, бұл туралы ағасына да хабарлаған.

«Концертте болған Бишімбаев бос сылтауды пайдаланып, Нүкеновамен жанжалдаса бастаған. Концерт аяқталғанын күтпестен екеуі ғимараттан шығып, жаяу Бао мейрамханасына бағыт алған.

Мейрамханада алкоголь ішу барысында жанжал жалғаса берген. Нүкенова Бишімбаевқа бұл қарым-қатынастан шаршағанын және одан кетуге шешім қабылдағанын айтқан. Сондай-ақ, Нүкенова ағасына қонуға баратынын жазып, такси шақыруға тырысқан», – деді прокурор.

Сондай-ақ, мәліметтерге сүйенсек, Бишімбаев мас күйде Нүкенованың басына қатты соққы берген. Кейін ол әйелді аяғымен тепкілей бастаған. Салтанат Нүкенова бөлмелердің біріне тығылмақ болған, бірақ Бишімбаев есікті сындырып, оны қайтадан ұра бастаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: