Алматыдағы Орталық демалыс саябағында аттракционнан секіріп кеткен әйел өз-өзіне қол жұмсамас бұрын қызын үйінде тұншықтырып өлтірген, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Алматы облысының полиция департаменті қыздың өлімі туралы ақпаратты растады.
«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – деп хабарлады департамент.
Сондай-ақ, марқұм әйелдің Алматы облысы Іле ауданында тұратыны белгілі болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!