Сенбі, 18 мамыр, 11:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

«Amanat»: партия – халық мәселесінің түйінін тарқатушы

22.08.2023

293 0

Жуырда «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Бегалықызы Төрешова, партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев және партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаеваның қатысуымен «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалында кезекті ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Жиынға қалалық партия филиалының саяси кеңесі мен саяси кеңес бюросы мүшелері, «Теміржол», «Тұран» және қалалық партия филиалдары бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенділері, қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция же­текшісі мен мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар өкілдері және бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар қатысты.

Конференцияда партияның қалалық филиалының 2021-2022 жылдары атқа­рылған жұмыстар барысы турасында партия филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев баяндама жасады. Жиын барысында партияның қалалық филиалының депутаттық фракциясының, қоғамдық қабылдау бөлмесі және де партиялық бақылау комиссиясының атқарған жұ­мыстары баяндалды.

Сонымен қатар «Ардагерлерді ар­дақтайық», «Ұлттық мұра», «Ауыл ама­наты», «Жер аманаты», «Жастар отанға», «TazaLike», «Халыққа көмек» партиялық жобалары аясында партияның қалалық филиалы мен бастауыш партия ұйымдары­ның бірлесе өткізген жұмыстары сара­ланды. Бас­қосу­да партияның қалалық фи­лиалының саяси кеңесі мен саяси кеңес бюросының жаңа мүшелері мақұлданып, партияның облыс­тық филиалының кезекті ХХХІІ конференция­сына делегаттар сай­ланды.

Кезекті конференция барысында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова:

– Бүгін біз партия филиалының 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстарын тың­дап, алдағы міндеттерді талқыладық. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда Президент реформаларын жүзеге асыру бойынша ау­қымды жұмыстар жүргізіліп, еліміз өз­герістер жолына түсті. «AMANAT» пар­тиясы мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде реформалардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға жүйелі жұмыстар жүргізуде. Партиямыз өз жұмысында көптеген мәселелердің түйінін тарқатып келеді. Бұл біздің бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесі. Қолдау көр­сеткендеріңіз үшін, алғысымды білдіре отырып, алдағы уақытта да жұмыла жұмыс жасауға шақырамын, – деді.

Өткен жылы атқарылған жұмыс­тарды баяндаған партияның қалалық филиалының төрағасы И.Құттықожаев: Ел болашағын айқындайтын ауқымды саяси реформалар партияның әрбір мүше­сінен белсенділікті талап етеді. Алдағы міндеттерді орындауда біз өзіміздің бір­лігімізді, халықтық мәселелерді шешуде мықтылығымызды көрсетуіміз қажет.

Партия жұмысының негізгі қозғаушы күші – бастауыш партия ұйымдары. Қаладағы 37 бастауыш ұйымдар қызметіне толық талдау жүргізіліп, 2022 жылы 3, ал 2023 жылы 9 бастауыш партия ұйымы жетекшілері қайта сайланды. Қазіргі саяси сахнада бәсекелестіктің артып отырғанын ескерсек, партияның белсенді мүшелерін топтастырып, бастауыш партия ұйымдары жұмысын жетілдірудің маңызы арта түседі.Мұнан бөлек, біз партия мүшелерінің сапалық құрамына да баса назар аударып, олардың қатарында түрлі сала өкілдері мен жастардың болуына, жалпы бастауыш ұйымдарды күшейтуге ерекше ден қоюымыз қажет, – деді филиал төрағасы.

Жиында партия филиалының атқарған жұмыстары мен алдағы мақсат-міндеті айқындалып, партия белсенділерінің ұсыныс-пікірі тыңдалып, партия қата­рына қосылған мүшелерге партиялық билет табысталды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: