Жұма, 29 қараша, 02:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Аналар кеңесінің отырысы өтті

03.10.2021

889 0

Қызылорда облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова және Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи бастаған іскер әйелдердің қатысуымен Достық үйінде Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Кіре берістен қонақтарды «Қуаныш» әжелер ансамблі күтіп алып, иықтарына ақ жаулық жауып, ерекше құрметпен қарсы алды. Мұнан соң фойеде әзірленген облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің атқарған ауқымды жұмыстарының фотокөрмесін өңірлік Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова таныстырып шықты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кездесуге Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары, көшбасшы әйелдер мен ақ жаулықты әжелер келді. Ал аудандық және Байқоңыр қаласының Аналар кеңестерінің төрайымдары онлайн байланыс арқылы қосылды.

Аймақ басшысы кіріспе сөзінде «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы көптеген міндеттерді жүктеді. Президент еліміздегі демографиялық жағдайға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, жастар тәрбиесіне айрықша мән берді.

Біздің қоғам дені сау, рухани мықты ұрпақ тәрбиелеуге қабілетті отбасылардың көп болуына мүдделі. Міне, сондықтан да, Қазақстан халқы Ассамблеясы отбасылық құндылықтарды және дәстүрлерді жастар арасында ілгерілетуді мақсат етуде», – дей келе алғы сөзді ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаиға берді.

Назипа Шанаи «2014 жылы Қазақстан Республикасы бойынша ашылған Аналар кеңесінің саны 1827-ге жетті. Біздің қатарымызда 11 мыңдай белсенді ана жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда 14 облыста 45 қалада, 182 ауданда, 1430 ауылда Аналар кеңесі бар. Соның ішінде 127-і этномәдени бірлестіктердің жанынан ашылған, ал кәсіпорындарда 29 кеңес бар. Аналар кеңесінің құрамында педагог, психолог, өмірлік тәжірибесі мол әртүрлі мамандық иелері кездеседі. Олардың барлығы болашақ ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындатып тәрбиелеу үшін барын салуда»,-деді.

Аналардың кездесуінде ұлт руханиятына елеулі үлес қосып жүрген жазушы, ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпеисова, «Қарашаңырақ» РҚБ-ң жетекшісі, тарих ғылымдарының магистрі, «ТәйТәйstar» ЖШС балабақшалар желісінің директоры, Қазақстан жеке балабақшалар Ассоциациясының мүшесі Баян Ахатай пікірлерін білдірді.

Еліміздегі отбасы құндылықтарын нығайту, ұлттық рухты насихаттауда Аналар кеңесінің алар орны жайында Рахима Ахметова сөз қозғап, атқарылған ауқымды жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті.

Кездесу соңында ұсыныстар айтылып, орамды ойлар тыңдалды.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: