Ақсуат ауылдық округінде 11 887 тұрғын бар. Экономикалық белсенді халық саны – 4 404 адам. 526 тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр.
Өткен жылғы бюджет көлемі 2,08 млрд теңгені құрады. Ал, салық түсімдері 74,6 млн. теңгеге жетті.
Ауылда 71 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Өткен жылы 14 кәсіпкер 321,8 млн. теңге көлемінде несие алып, кәсібін кеңейтті. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 65,6 млн. теңгеге 10 жоба қолдау тапты.
Өткен жылы округтегі 72 отбасы 34,3 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек алды. 100-ден астам тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, 25 адам «Бастау Бизнес» курсын аяқтады.
Ауыл инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 32 көшеге жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қосымша жол жөндеу жобалары әзірленіп, түнгі жарық орнатуға қаржы бөлінуде.
Жалпы, 2025 жылы Ақсуат ауылдық округінде әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылды.
Нұрболат Бақытов,
Ақсуат ауылдық округінің әкімі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
