Сейсенбі, 03 наурыз, 11:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

​Ақжарма ауылдық округі әкімінің есебі

03.03.2026

54 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Ауылдың даму жоспарында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік басым бағытқа ие. Бүгінде тіркелген 74 кәсіпкерлік нысанының 35-і жұмыс істеп тұр. Егістік жер көлемі 1700 гектарды құрайды.

Өткен жылы бюджет 9 млн. теңгеге жоспарланып, барлық салық түрлері бойынша өсім қалыптасты.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 млн. 150 мың теңгеге 1 жоба іске асты. «Бизнес-Бастау» арқылы 4 тұрғын 6 млн. 300 мың теңге көлемінде грант алып, өз кәсіптерін бастады.

Аймақ басшысының қолдауымен өткен жылы 1 млрд 366 млн. теңге болатын табиғи газ тарту жобасы аяқталды. Бұл игілікті іс тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы басымдықтың бірі.

Мұнан бөлек, құны 372,4 млн. теңгеге 19 көшеге қиыршық тас төселді. Ал Талдыарал ауылында бір көшеге жарық орнатылып, балалар алаңы жөнделді.

Ауылдық округтегі халық саны 2 399 адам. Оның ішінде экономикалық белсендісі – 1103 адам. 17 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, 19 отбасыға кәсіпкерлер қолдау көрсетті.

Саттар Әбдіреев

Ақжарма ауылдық округінің әкімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: