Жұма, 17 мамыр, 07:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Ата-аналар оқу-ағарту министрлігін сотқа берді

16.09.2023

422 0

Фото: freepik.com

Қазақстанның әр өңірінен 11 ата-ана оқу-ағарту министрлігін сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ата-аналардың шағымын Астана қаласының ауданаралық соты қабылдады. Бұл туралы ата-ананың мүддесін қорғайтын белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов мәлімдеді.

Естеріңізде болса, өткен оқу жылы әдеттегідей 25 мамырда емес, 31 мамырда аяқталды. Бұл жағдай көптеген ата-аналардың наразылығын тудырды. 1-қыркүйек қарсаңында соңғы қоңырау бұрынғы күніне, яғни 25 мамырға қайтарылғаны хабарланды. Дегенмен, заңгердің айтуынша, мәселе әлі шешілген жоқ.

«Бұрынғы министр Асхат Аймағамбетов қол қойған 2022 жылғы «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрық бар. Бұл құжат бойынша оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Біз өте қарапайым нәрсені талап етіп отырмыз, ұзартуды алып тастау», – дейді заңгер.

Жангелді Сүлеймановтың айтуынша, сотқа жүгінген ата-аналар білім саласындағы жүйелі олқылықтар туралы 50 беттік республикалық баяндама жасап, оны президент әкімшілігіне жолдаған. Құжатта олар білім сапасының төмендігі, мектептердегі балалардың шамадан тыс көптігі және т.б. 29 жүйелі олқылықтарды көрсеткен. Дәл осындай құқық бұзушылықтар оқу-ағарту министрлігіне қатысты талап арызда да көрсетілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: