Жұма, 27 ақпан, 19:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Ата Заң жобасындағы өзгерістер энергетика саласы қызметкерлері арасында талқыланды

27.02.2026

64 0

Фото: Қармақшы ауданы


Қармақшы ауданында аумақтық коалиция өкілдері энергетика саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Басқосуға коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов және коалиция мүшелері қатысты.

Ата Заң жобасындағы өзгерістер энергетика саласы қызметкерлері арасында талқыланды


Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен онда көзделген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Әсіресе адам құқықтарын қорғау, еңбек саласындағы кепілдіктер, әлеуметтік қолдау тетіктері және заң үстемдігін нығайту мәселелеріне назар аударылды.


Коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов өз сөзінде Конституция жобасы қоғамдық талқылаулар нәтижесінде әзірленгенін атап өтті.

«Бұл құжатта түрлі сала өкілдерінің, соның ішінде еңбек адамдарының ұсыныстары ескерілді. Энергетика саласы – ел экономикасының маңызды бөлігі. Сондықтан сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз да маңызды», – деді ол.

Ата Заң жобасындағы өзгерістер энергетика саласы қызметкерлері арасында талқыланды


Кездесу барысында сала қызметкерлері өз ойларын білдіріп, бірқатар сұрақтар қойды. Ұйымдастырушылар олардың сауалдарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: