Жұма, 26 сәуiр, 14:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Атсын таңым арайлап, алдан күліп

01.01.2022

1084 0

Келді міне, Жаңа жыл, жаңа үміт,

Атсын таңым арайлап, алдан күліп.

Кетсінші өткен жылмен аты өшкір дерт,

Көңілдерде қалмасын жалған күдік.

Орнасын шаттық өмір баяғыдай,

Көңілім соны іздеп қоятын -ай.

Жаңа жылдан күтетін үмітім зор,

Жапырағын жақсылық жаятындай.

Кел, Жаңа жыл, әр үйге шаттық алып,

Шуағың төк еліме бақыт дарыт.

Әлем бізге қарасын қазағым деп,

Текті халық едік қой, отты халық.

Кел, Жаңа жыл, елімді жасандырып,

Қанында жоқ қазақтың жасандылық.

Барыс жылы төрге шық, қайраттана,

Сені күтіп, қаншама жасарды үміт.

Кел, Жаңа жыл, төрімді ұсынайын,

Күнім күліп, төбемде жүзсін Айым.

Шаңырақтар шаттықтан тербетіліп,

Ел еңсесі асқақтап тұрсын дәйім!

Кенжалы Ерімбетов

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: