Бейсенбі, 28 қараша, 02:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Атырауда қоқыс арасынан бірнеше мемлекеттік ту табылды

10.10.2023

837 0

Сурет “Мой город” порталынан

Атырау облысындағы вахталық лагерь аумағында қоқыс арасынан Қазақстанның бірнеше туы табылды. Оқиғаны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеода қоқыс арасында жатқан туларды көтеріп жүрген бірнеше адам көрінген. 

“Бұл SICIM базасы. Мемлекеттік рәмізіміз  №8 квартал маңындағы қалдықтардың арасында жатыр. Қандай көзқарас? Біз шара қолдануды талап етеміз», – деген видео авторлары.

Бейнежазба Қарабатан кен орны аумағында түсірілген болып шықты. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу мүддесі үшін тәртіп сақшылары басқа мәліметтерді жарияламады.

Баптың санкциясында ірі айыппұлдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: